СЕНДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ,КЕТІГІН ТАП ТА БАР ҚАЛАН_________АБАЙДЫ ОҚЫ ТӘЛІМ АЛ_________АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА, СОНДА ТОЛЫҚ БОЛАСЫН ЕЛДЕН БӨЛЕК.

четверг, 25 июня 2015 г.


Абай қаласы Қарағанды облысының 11 қаласының бірі, оны Қазақстанның индустриялық жүрегі деп орынды атайды. Біздің мемлекетіміз үшін оның әлеуетінің экономикалық және саяси маңызы зор. Осында қара металлургия өнімдері мен түсті металлдар өндіру, көмір және бағалы пайдалы қазбалардан руда өндіру өнеркәсібі қалыптасқан. Машина жасау мен металл өңдеудің, тамақ өнеркәсібінің құрылыс материалдарын шығарудың, химия өнеркәсібінің, резина және пластмасса бұйымдары мен т.б. өндірудің дамыған кәсіпорындары жұмыс істейді. Республика өңдеу өнеркәсібі көлемінің төрттен бір бөлігіне жуығы Қарағанды облысының үлесіне тиеді. Облысты дамыту міндеттері ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақты бірге қалаймыз» Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген жалпы ұлттық мүдделермен және басымдықтармен байланысты.
Негізгі назар ішкі саяси тұрақтылықты орнықты арттыру мен нығайтуға қол жеткізуге бөлінеді. Қарағанды облысының әкімі Серік Нығметұлы Ахметовтің басшылығымен индустрияландыру картасына енгізілген 17 жоба іске асырылуда. Республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін жалпы құны 82 млрд. теңгеге жуық және бір жарым мыңнан астам жұмыс орынын құратын тағы 5 инвестициялық жоба қосымша ұсынылған. Машина жасау концорциумы ұйымдастырылған. Өңірдің осы заманғы индустриялық жүйесін құру мақсатында өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту тұжырымдамасы әзірленді, «Қарағанды облысының мемлекеттік-жеке әріптестіктің өңірлік орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Еліміздің индустрияландыру картасына енгізілген Қарағанды облысының ірі жобаларының бірі – Қарағандыда Индустриялық парк құру болып табылады.
Қазақстанның аса ірі кәсіпорны – бас директоры доктор Франк Паннир болып табылатын «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының құрамына біздің қаламыздың «Абай» шахтасы кіреді.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ жүйе құрушы кәсіпорын функцияларын орындайды және Абай қаласының әлеуметтік саласын дамытуға елеулі көмек көрсете отырып бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын мысалы болып табылады.
2008 жылы жасалған меморандумға сәйкес Абай қаласында 4 орталық көше жөндеуден өткізілді, жасыл алаң мен пластик орындықтар орнатылып, қалалық «Жігер» стадионы қайта жаңартылды, қаланың он көшесін жарықтандыру қалпына келтірілді, бес аула көркейтілді, жасыл алаңы бар теннис корды салынды. Ынтымақтастық одан әрі жалғасуда.
Абай қаласын дамытуға қатысу туралы Қарағанды облысы әкімдігінің «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен меморандумы әлеуметтік әріптестіктің мысалы болып табылады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қаржылай қолдауы арқасында жылу желілері мен сумен жабдықтау жүйесі жөндеуден өткізілді, Абай қаласының коммуналдық кәсіпорындары үшін арнайы техника сатып алынды, балалардың архитектуралық құрылыстары орнатылып, балалар саябағы қайта жаңартылды.
Қазіргі кезде Қарағанды облысы экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші ретінде кіші және орта бизнесті дамыту бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсене қосылған. Әлеуметтік салаға мектеп жасына дейін мекемелерде балаларды орындармен 100 пайыз қамтамасыз ету; Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған профилактикалық бағдарламаларды іске асыру сияқты бағыттар бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда. Атауы әлеуметтік көмек есебінен халықтың әлеуметтің осал топтарын қолдау көкейтесті мәселе болып табылады. 1 шілдеден бастап өңірде стратегиялық маңызы бар «Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» іске асырыла бастады.
Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ауқымдылығы Қарағанды облысы сарқылмас өнеркәсіптік әлеуетке ие екеніне айғақ болады. Бұл – еліміздің Тәуелсіздігі жылдары өңірдің даму қорытындысы. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жаңа жетістіктермен келуге, экономика мен әлеуметтік саланы өркендетуге бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруға, сөйтіп Қазақстан халқына Жолдауында ел Президенті алға қойған міндеттерді шешуге өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

Өлең жолдары