СЕНДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ,КЕТІГІН ТАП ТА БАР ҚАЛАН_________АБАЙДЫ ОҚЫ ТӘЛІМ АЛ_________АҚЫЛ, ҚАЙРАТ, ЖҮРЕКТІ БІРДЕЙ ҰСТА, СОНДА ТОЛЫҚ БОЛАСЫН ЕЛДЕН БӨЛЕК.

вторник, 18 августа 2015 г.

                   Аудармалар

понедельник, 17 августа 2015 г.


Абай оқыған кітаптар


Абайдың Дреперді оқығанына Әлихан Бөкейхановтан бастап абайтанушылардың бәрі бірдей ден қояды. Соның бірі американдық саяхатшы Джордж Кеннанның «Сібір және жер аударылғандар» (1906 ж.) атты кітабындағы мына бір деректі алға тартады. Дж. Кеннан Семейде сот мекемесінде хатшылық қызмет атқарып жүрген, осы қалаға жер аударылған А. Лентьев деген азаматпен танысады. Ол осы Д. Кеннанның құрметіне арнап, өз үйінде кешкі ас ұйымдастырады. Оған қаладағы саяси жер аударылғандар да шақырылады. Сонда әңгіме үстінде А. Леонтьев Семей кітапханасын пайдалануда жер аударылғандар үшін қиындықтар бар екенін және кітапхананың жергілікті халықтың ақыл-ойын дамытуға зор ықпалы бар екенін, мұнда кітап қорының өте бай екенін айтады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мына үзіндіге назар аударайық:
- Кітапхананы, тіпті қырғыздар (қазақтар) да пайдаланады. Мен осында Бокльды, Мильді, Дрэперді оқыған бір қарт қырғызды білемін.
- Шынымен қырғыз ба? – деп, әңгімеге қатыса отырған студент шектен тыс таңғала сұрады.
- Ия, қырғыз, – деді Леонтьев. – Бірінші кездескенімде ол менен индукция мен дедукцияның арасындағы айырмашылықты өзіне түсіндіруді сұрағанда таңданғанымнан талып қала жаздадым. Кейін әңгімелесе келе білдім, ол ағылшын философтарының және жоғарыда мен айтқан авторлардың шығармаларын оқып, зерттеп жүр екен.
- Сіз сонда ол солардың бәрін түсінеді деп ойлайсыз ба? – деп сұрады сенімсіздікпен студент тағы да.
- Мен оны тесеру үшін, Дрэпердің «Европаның ақыл-ойының даму тарихы» атты кітабының төңірегінде екі кеш бойы әңгімелестім. Сонда оның оқығандарының бәрін түсінетініне көзімді жеткіздім», – деп жауап береді Леонтьев.
Міне, осындай А. Леонтьев әңгіме ғып айтып отырған қырғызы (қазағы) Абай болатын. Абай Леонтьевпен достық қатынаста болған. А. Леонтьевтің өзінен Абай сұраған индукция мен дедукция терминдері Дрэпердің еңбегінде Платон мен Аристотельдің философиялық әдістері жөнінде болатын.
Міне, Абай көне заман ақыл-ойының екі алыбының ғылымында тұтынған жолдарындағы өзіне түсініксіз айырмашылықтың сырын білгісі келген. Осынау шағын детальдің өзі Абай танымының деңгейінің қаншалықты биікте тұрғанын көрсетсе керек.
Жалпы Абай Дрэперді оқуы арқылы дүниеге көзін жаңа ашқан адамдай болады. Оның кітаптарының әр тарауын оқыған сайын, бұрын оқымаған тарихи деректерге ұшырасып, өзінің таным саясын кеңейте түседі.
«Европа ақыл-ойының даму тарихын» оқу арқылы Абай әуелі әлемдегі барлық құбылыстардың бәрі сол заңның тәртібіне тәуелді және оның күші жандыға да, жансызға да бірдей ықпалды екенін таниды.
«Католизм мен ғылымның арасындағы қатынас тарихын» оқи отырып, Абай бүкіл ғылым атаулының бастау негізі дін екенін біледі. Кейін келе дін басыларының топастығы, мақсатты мүдденің тар шеңберінде қалуы дінді догмаға айналдырып, ал әлемнің озық ойлы перзенттерінің парасатты ізденістері жаратылыс заңының қыр-сырын ашып, ғылымды жаңа өрістерге шығарғанын зерделейді.
Міне, жыл өткен сайын Абай есімі кеңінен тарала бастайды. Семейге келген ғалымдар, журналистер, әдебиетшілер Абай Құнанбаевты кеңінен танып біле бастайды. 1992 жылдан бері Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Н. В. Гоголь атындағы кітапхана өз тарихымен тығыз байланысты Абай Құнанбаев есімімен аталады.


четверг, 25 июня 2015 г.


Абай қаласы Қарағанды облысының 11 қаласының бірі, оны Қазақстанның индустриялық жүрегі деп орынды атайды. Біздің мемлекетіміз үшін оның әлеуетінің экономикалық және саяси маңызы зор. Осында қара металлургия өнімдері мен түсті металлдар өндіру, көмір және бағалы пайдалы қазбалардан руда өндіру өнеркәсібі қалыптасқан. Машина жасау мен металл өңдеудің, тамақ өнеркәсібінің құрылыс материалдарын шығарудың, химия өнеркәсібінің, резина және пластмасса бұйымдары мен т.б. өндірудің дамыған кәсіпорындары жұмыс істейді. Республика өңдеу өнеркәсібі көлемінің төрттен бір бөлігіне жуығы Қарағанды облысының үлесіне тиеді. Облысты дамыту міндеттері ел Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақты бірге қалаймыз» Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген жалпы ұлттық мүдделермен және басымдықтармен байланысты.
Негізгі назар ішкі саяси тұрақтылықты орнықты арттыру мен нығайтуға қол жеткізуге бөлінеді. Қарағанды облысының әкімі Серік Нығметұлы Ахметовтің басшылығымен индустрияландыру картасына енгізілген 17 жоба іске асырылуда. Республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін жалпы құны 82 млрд. теңгеге жуық және бір жарым мыңнан астам жұмыс орынын құратын тағы 5 инвестициялық жоба қосымша ұсынылған. Машина жасау концорциумы ұйымдастырылған. Өңірдің осы заманғы индустриялық жүйесін құру мақсатында өнеркәсіптің базалық салаларын дамыту тұжырымдамасы әзірленді, «Қарағанды облысының мемлекеттік-жеке әріптестіктің өңірлік орталығы» акционерлік қоғамы құрылды. Еліміздің индустрияландыру картасына енгізілген Қарағанды облысының ірі жобаларының бірі – Қарағандыда Индустриялық парк құру болып табылады.
Қазақстанның аса ірі кәсіпорны – бас директоры доктор Франк Паннир болып табылатын «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының құрамына біздің қаламыздың «Абай» шахтасы кіреді.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ жүйе құрушы кәсіпорын функцияларын орындайды және Абай қаласының әлеуметтік саласын дамытуға елеулі көмек көрсете отырып бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын мысалы болып табылады.
2008 жылы жасалған меморандумға сәйкес Абай қаласында 4 орталық көше жөндеуден өткізілді, жасыл алаң мен пластик орындықтар орнатылып, қалалық «Жігер» стадионы қайта жаңартылды, қаланың он көшесін жарықтандыру қалпына келтірілді, бес аула көркейтілді, жасыл алаңы бар теннис корды салынды. Ынтымақтастық одан әрі жалғасуда.
Абай қаласын дамытуға қатысу туралы Қарағанды облысы әкімдігінің «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен меморандумы әлеуметтік әріптестіктің мысалы болып табылады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қаржылай қолдауы арқасында жылу желілері мен сумен жабдықтау жүйесі жөндеуден өткізілді, Абай қаласының коммуналдық кәсіпорындары үшін арнайы техника сатып алынды, балалардың архитектуралық құрылыстары орнатылып, балалар саябағы қайта жаңартылды.
Қазіргі кезде Қарағанды облысы экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші ретінде кіші және орта бизнесті дамыту бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсене қосылған. Әлеуметтік салаға мектеп жасына дейін мекемелерде балаларды орындармен 100 пайыз қамтамасыз ету; Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған профилактикалық бағдарламаларды іске асыру сияқты бағыттар бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда. Атауы әлеуметтік көмек есебінен халықтың әлеуметтің осал топтарын қолдау көкейтесті мәселе болып табылады. 1 шілдеден бастап өңірде стратегиялық маңызы бар «Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» іске асырыла бастады.
Жүзеге асырылып жатқан жобалардың ауқымдылығы Қарағанды облысы сарқылмас өнеркәсіптік әлеуетке ие екеніне айғақ болады. Бұл – еліміздің Тәуелсіздігі жылдары өңірдің даму қорытындысы. Ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жаңа жетістіктермен келуге, экономика мен әлеуметтік саланы өркендетуге бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруға, сөйтіп Қазақстан халқына Жолдауында ел Президенті алға қойған міндеттерді шешуге өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

Өлең жолдары